Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

17 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 наурызында болатын МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

17.03.2026 15:19 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 17.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
19 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 30 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 100,1855 % (кірістілік – жылдық 15,00 %) деңгейінде 
белгіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 наурызында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 5,9 жыл МЕУКАМ KZKD00001319 
(MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1562396

[2026-03-17]