Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 наурызында болатын МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

26.03.2026 15:20 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 26.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
30 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 39 958 970 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 99,2848 % (кірістілік – жылдық 15,25 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 99,7008 % құрады (кірістілік – жылдық 15,16 %).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру 
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 наурызында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 8 жыл МЕУКАМ KZKD00001327 
(MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1562764

[2026-03-26]