Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

17 сәуірден бастап KASE-де "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00016504 (CLSGb11) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

17.04.2026 10:22 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 17.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 сәуірінен 
бастап "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00016504 
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb11; 1 000 теңге, 
5,0 млрд теңге; 16.04.26-16.04.29; тоқсандық купон, жылдық 23,00%; 30/360) 
облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/CLSGb11

[2026-04-17]