"Эйр Астана" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 28 мамырында өткізу туралы хабарлама
22.04.2026 10:53·KASEкорпоративтік оқиғаларсобрания (уведомления о проведении)новости эмитентов·
/KASE, 22.04.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің соңы
"Эйр Астана" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Эйр Астана" АҚ немесе
"Қоғам"), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы,
050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, "Эйр
Астана" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі –
"АЖЖЖ") 2026 жылғы 28 мамырдың (Алматы уақыты бойынша) сағат
14:00-де Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Медеу ауданы,
Құлжа тракті, 4В, "Ю" блогы мекенжайы бойынша шақыру туралы
Директорлар кеңесінің шешімі жайында хабарлайды. АЖЖЖ-на
қатысушыларды тіркеуді бастау: 12 сағат 00 минутте (Алматы уақыты
бойынша).
АЖЖЖ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы
"Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына
сәйкес бетпе бет өткізілетін болады.
ЖЖЖ-ның ұсынылатын күн тәртібі:
1. "Эйр Астана" АҚ-ның 2025 жылға аудиттелген шоғырландырылған және
жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
2. "Эйр Астана" АҚ-ның 2025 жылғы шоғырландырылған таза кірісін бөлу
тәртібін бекіту, "Эйр Астана" АҚ-ның жай акциялары бойынша
дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және "Эйр Астана" АҚ-ның
2025 жылғы бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту
туралы.
3. "Эйр Астана" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының 2025 жылғы
әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау
қорытындылары туралы ақпаратты қарастыру.
4. 2025 жылы "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және
атқарушы органының сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты
қарау.
5. "Эйр Астана" АҚ есеп комиссиясын 2026 жылғы 01 маусым - 2027 жылғы
01 маусым кезеңіне сайлау туралы
дәйексөздің соңы
Жиналыс өткізу туралы қазақ тіліндегі ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_210426_1_kaz.pdf
Жиналыс өткізу туралы орыс тіліндегі ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_210426_1.pdf
Жиналыс өткізу туралы ағылшын тіліндегі ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__210426_eng.pdf
[2026-04-22]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.