Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

24 сәуірден бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00015720 (MFSCb9) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

23.04.2026 16:13 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 23.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 сәуірінен 
бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00015720 (KASE 
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb9; 1 000 теңге, 3,0 млрд 
теңге; 21.04.26 – 21.04.29; ай сайынғы купон, жылдық 23,50%; 30/360) 
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне 
ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

[2026-04-23]