27 сәуірден бастап "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00015956 (KZIKb43) және KZ2C00015964 (KZIKb44) әлеуметтік облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
27.04.2026 17:04·KASEинструментывключение, исключение, перевод цбновости kase·
/KASE, 27.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде "Қазақстан Тұрғын үй
Компаниясы" АҚ мынадай әлеуметтік облигацияларды негізгі алыңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
1) KZ2C00015956 (KZIKb43; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 4 жыл; жылдық
купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360);
2) KZ2C00015964 (KZIKb44; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 4 жыл; жылдық
купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360).
Листинг3kік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 27 сәуірінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылдың 02 маусымында
720,0 млрд теңге сомасында тіркелген "Қазақстандық тұрғын үй
компаниясы" АҚ төртінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде жетінші
және сегізінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/KZIK
[2026-04-27]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.