Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 мамырда KASE-де есеп айырысуы 08 мамырда жүргізілетін және айналыс мерзімі 365 күн болатын KZK100000449 (MKM012_0163) МЕККАМ орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті

05.05.2026 15:09 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 05.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ 
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің мемлекеттік қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерін 
(МЕККАМ) KZK100000449 (MKM012_0163) есеп айырысуы 2026 жылғы 08 
мамырда жүргізілетін және айналыс мерзімі 365 күн болатын орналастыру 
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент атаулы құны бойынша жалпы 
сомасы 20 268 748 600 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып кесім бағасын 
атаулы құнның 85,2878 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 17,25 %). 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған "таза" баға атаулы 
құнның 85,2989 %-ын құрады (кірістілік – жылдық 17,23 %).

Астана қ. уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық 
жүйесінде аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысуы 08 мамырда жүргізілетін және 
айналыс мерзімі 365 күн болатын KZK100000449 (MKM012_0163) МЕККАМ 
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" атты 
жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған – 
https://kase.kz/ru/information/news/show/1565917

[2026-05-05]