Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

2026 жылғы 12 мамырда KASE-де МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша есеп айырысу 2026 жылғы 14 мамырда жүргізілетін мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

12.05.2026 15:18 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 12.05.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің есеп айырысу 2026 жылғы 14 мамырда жүргізілетін 
мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) 
KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша мамандандырылған 
қайталама сауда-саттық жүргізілді.

KASE алған эмитенттің хабарламасына сәйкес, эмитент жалпы номиналды 
құны 52 120 467 000 теңге болатын өтінімдерді қанағаттандырды, бұл ретте 
кесім бағасы номиналдың 80,8316 % деңгейінде белгіленді (кірістілік – 
жылдық 16,95 % мөлшеріндегі өтеуге дейінгі кірістілікпен). 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналдың 
81,0504 % құрады (кірістілік – жылдық 16,82 % мөлшеріндегі өтеуге дейінгі 
кірістілікпен).

Астана қаласы уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық 
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE жаңалығы "Бүгін KASE-де есеп айырысуы 2026 жылғы 14 мамырда 
жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 2,6 жыл болатын МЕУКАМ 
KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша мамандандырылған 
қайталама сауда-саттық өткізіледі" сілтемесі бойынша жарияланған 
https://kase.kz/ru/information/news/show/1566259

[2026-05-12]