Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

19 мамыр күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 21 мамырында болатын МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

19.05.2026 15:15 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 19.05.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
21 мамырында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 58 942 818 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 99,8379 % (кірістілік – жылдық 15,10 %) деңгейінде 
белгіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 21 мамырында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 7,8 жыл МЕУКАМ KZKD00001327 
(MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1566747

[2026-05-19]