Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

19 мамыр күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 21 мамырда болатын МЕККАМ KZK100000449 (MKM012_0163) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

19.05.2026 15:26 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 19.05.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
21 мамырында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) 
KZK100000449 (MKM012_0163) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 29 520 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 85,7017 % (кірістілік – жылдық 17,30 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 85,7209 % құрады (кірістілік – жылдық 17,27 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 21 мамырында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 354 күн МЕККАМ KZK100000449 
(MKM012_0163) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1566753

[2026-05-19]