Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

01 маусымнан бастап "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ KZ2C00015931 (KZIKb45) және KZ2C00015949 (KZIKb46) әлеуметтік облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

01.06.2026 10:53 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 26 мамырында "Қазақстан Тұрғын үй 
компаниясы" АҚ мынадай әлеуметтік облигациялары негізгі алаңының 
"облигациялар"санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім 
қабылдады:

1) KZ2C00015931 (KZIKb45; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық 
   купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты 
   өткізу нәтижелері бойынша анықталатын болады; 30/360);

2) KZ2C00015949 (KZIKb46; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 7 жыл; жылдық 
   купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты 
   өткізу нәтижелері бойынша анықталатын болады; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 01 маусымынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылдың 02 маусымында 
720,0 млрд теңге сомасында тіркелген "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ 
төртінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бесінші және алтыншы 
болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/KZIK

[2026-06-01]