Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 маусымда болатын МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

23.06.2026 14:41 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 23.06.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
25 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 47 985 600 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 103,4414 % (кірістілік – жылдық 14,29 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 103,6117 % құрады (кірістілік – жылдық 14,25 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 маусымында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 7,7 жыл МЕУКАМ KZKD00001327 
(MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1569341

[2026-06-23]