Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

14 шілде күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 шілдеде болатын МЕУКАМ KZKD00000725 (MUM300_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

14.07.2026 15:12 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 14.07.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
16 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00000725 (MUM300_0001) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 73 000 000 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын 
номиналдан 64,4362 % (кірістілік – жылдық 14,10 %) деңгейінде белгіледі. 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 64,8746 % құрады (кірістілік – жылдық 13,99 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 шілдеде болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 12,4 жыл МЕУКАМ KZKD00000725 (MUM300_0001) 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/information/news/show/1570883

[2026-07-14]