Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

14 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 шілдеде болатын МЕТИСКАМ KZKF00000038 (MTC084_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

14.07.2026 15:19 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 14.06.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
16 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕТИСКАМ) KZKF00000038 
(MTC084_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 45 033 279 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын 
номиналдан 101,0004 % (кірістілік – жылдық 18,16 %) деңгейінде белгіледі. 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 101,1214 % құрады (кірістілік – жылдық 18,13 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 шілдеде болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 6,8 жыл МЕТИСКАМ KZKF00000038 
(MTC084_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1570874

[2026-07-14]