Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

31 шілдеден бастап "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00019110 (FPSTb12) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі

30.07.2026 16:00 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 31 шілдеден 
бастап "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00019110 облигациялары (KASE 
баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb12; 100 
АҚШ доллары; 2,0 млн АҚШ доллары; айналыс мерзімі: 29.07.26 – 29.07.27; 
тоқсан сайынғы купоны – жылдық 10,50 %; 30/360) бойынша сауда-
саттықтың "таза" баға режіміне ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде аталған облигациялар бойынша баға белгілеу 
дәлдігі облигацияның номиналынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының 
ондық бөлшектен кейінгі төртінші таңбасына дейін белгіленген. Баға 
белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Аталған облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb12

[2026-07-30]