Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

04 тамызда KASE-де есеп айырысу күні 06 тамыз болатын KZKD00000725 (MUM300_0001) МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

04.08.2026 15:22 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 04.08.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор 
биржасының" (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысу күні 2026 жылғы 
06 тамыз болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
KZKD00000725 (MUM300_0001) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық 
міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған 
қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған эмитенттің хабарламасына сәйкес эмитент номиналды құны 
бойынша жалпы сомасы 60 000 000 000 KZT болатын өтінімдерді 
қанағаттандырып, кесім бағасын номиналдың 64,8784 % деңгейінде 
белгіледі (өтеуге дейінгі кірістілік – жылдық 14,01 %). Қанағаттандырылған 
өтінімдердегі орташа сараланған таза емес баға номиналдың 64,9133 % 
құрады (өтеуге дейінгі кірістілік – жылдық 14,00 %).

Орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек 
жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысу күні 06 тамыз болатын және өтеуге 
дейінгі мерзімі 12,4 жыл KZKD00000725 (MUM300_0001) МЕУКАМ-ды 
орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық 
өткізіледі" атты жаңалығы https://kase.kz/ru/information/news/show/1572664 
сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-08-04]