Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 сәуірде болатын, өтеуге дейін мерзімі 7,9 жыл МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады
14.04.2026 15:13·KASEторговая информацияанонсы и результаты размещенийновости kase·
/KASE, 14.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін 15:30-дан 16:00-ге
дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
(МЕУКАМ) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда өткізілетіні туралы
хабарлайды (Астана қ.уақыты).
----------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды: MUM096_0016
Бағалы қағаздардың түрі: МЕУКАМ
ISIN: KZKD00001327
Номиналды құны, теңге: 1 000
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 170 066 970
Айналысқа жіберу күні: 12.03.26
Айналыста болудың соңғы күні: 11.03.34
Өтеу мерзімі: 12.03.34
Айналыста болу мерзімі: 8 жыл (2 880 күн)
Купондық мөлшерлеме, жылдық %: 15,10
Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет
Купон төлемдерін бастау күндері: жыл сайын 12 наурызда
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------------ ---------------------------------
Сауда-саттық күні: 14.04.26
Өтелуіне дейінгі мерзім: 7,9 жыл (2 848 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 50 000,0
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00
Кесім уақыты: 17:00 дейін (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 16.04.26
Қарсылама шектелімді өтінімдерді кесімдеу бағасына тең немесе
қанағатандыру тәсілі: сатушы үшін ұтымдырақ болатын
қарсылама шектелімді өтінімдердің
бағасы бойынша
----------------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза"
(жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысу Т+2 сызбасы бойынша жүзеге
асырылады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер
жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды
жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған
қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның
болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-саттыққа қатысушылар берген
және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген
болжамға сүйене отырып).
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған
жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні
http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару,
орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу
ережелері http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
Қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат сілтемесі
бойынша жарияланған https://kase.kz/kz/investors/gsecs/MUM096_0016
[2026-04-14]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.