Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

28 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 сәуірінде болатын МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

28.04.2026 15:25 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 28.04.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
30 сәуірінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік қысқамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері 
(МЕККАМ) KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 5 283 200 400 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 88,2767 % (кірістілік – жылдық 17,25 %) деңгейінде 
белгіледі.

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру 
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 сәуірінде болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 283 күн МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/information/news/show/1565272.

[2026-04-28]