Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 мамырда KASE-де есеп айырысуы 14 мамырда жүргізілетін KZKD00000725 (MUM300_0001) МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

12.05.2026 15:12 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 12.05.2026/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор 
биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысуы 2026 жылғы 14 
мамырда жүргізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) 
KZKD00000725 (MUM300_0001) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE осы хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 54 600 925 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесім бағансын 
номиналдан 60,2912 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 15,10 %) белгіледі. 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдан 60,6280 % болды (кірістілігі – жылдық 15,01 %).

Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде 
осы бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысуы 14 мамырда жүргізілетін және 
өтеуге дейінгі мерзімі 12,6 жыл болатын KZKD00000725 (MUM300_0001) 
МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-
саттық өткізіледі" атты жаңалығы 
https://kase.kz/ru/information/news/show/1566256 сілтемесі бойынша 
жарияланған.

[2026-05-12]